Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысының ауылдарында жол мәселесі шешіліп жатыр

17-08-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Аягөз ауданының Нарын ауылдық округінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүзеге асып жатыр.

Аягөз ауданының Нарын ауылдық округіндегі тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 3,5 км ішкі жолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құм-қиыршық тас төселіп жатыр.

Сонымен қатар, көшені жарықтандыру жұмыстарының 80%-ы аяқталды. Бұл жұмыстарды толығымен тамыз айының соңында аяқтау жоспарланған. 

Қазіргі таңда Нарын ауылдық округінде орналасқан Шыңқожа батыр атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмысы жасалып жатыр. Білім ордасының инфрақұрылымы жаңартылып, оқу сыныптарын заманауи жабдықтармен қамтамсыз етілді.

Анықтама: Нарын ауылдық округі аудан орталығынан 35 км қашықтықта орналасқан. Қазіргі уақытта тұрғындар саны 979 адам.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив