Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Аягөз ауданында жаңа демалыс орны пайда болады

17-08-2023, 18:22 Думан Кенжеғазыұлы

Тұрғындардың демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Аягөз қаласының Тәңірберген көшесі бойына жаңа демалыс аймағын салу жұмыстары іске асырылып жатыр.

Демалыс аймағының жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайды. Жұмысты «Градстрой Сервис» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 90% аяқталды. Аумақты абаттандыру мақсатында шағын сәулеттік пішіндер мен орындықтар, сонымен қатар әткеншектер құру жоспарланған. Қоғамдық кеңістік тек балаларға ғана емес, ересектердің демалуына да қолайлы жағдай жасамақ.

Демалыс орнында спортпен шүғылдануға арналған элементтерден басқа, мәдени іс-шаралар мен концерттер өткізетін орын пайда болады.

Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуы Конституция күніне қарай орайластырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив