Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Қытай машина жасау компаниясы өз өнімдерін Абай облысында таныстырды

18-08-2023, 09:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың және әкімдіктің құрылымдық басқарма басшыларының қатысуымен қытайлық Geely компаниясының өкілдерімен кездесу өттті.

Шетелдік компания электр қозғалтқышты жеңіл, коммерциялық, мамандандырылған техниканы Абай өңірінде шығаруды ұсынып отыр.

Қытай тарапы электронды форматта автомобильдер желісінің тұсаукесерін ұсынып, екіжақты өзара іс-қимыл ынтымақтастық мәселелерні талқылады.

Сонымен қатар, Семей қаласының аумағында электромобильдерді құрастыратын машина жасау зауытын салу мәселесі де көтерілді. Бұдан бөлек, Geely компаниясы әртүрлі кластағы автобустар, таксилер мен электр қуаттандыру стансаларының жабдықтарын өндіруді ұсынып  отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив