Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.34 623.05 6.65

Жаңа оқу жылына – жаңа мектеп

23-08-2023, 15:24 Думан Кенжеғазыұлы

Шар қаласында тұрғындар 45 жыл күткен «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ ғимараты қайта жаңғыртылды.

Мектептің шатыры мен еденін ауыстырылды, ішкі әрлеу және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған облыстық бюджеттен 393 миллион теңге бөлінді. Құрылысты «Алатау» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырып жатыр.

Сондай-ақ, білім ошағында алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізіліп отыр. Су құбырлары ауыстырылып, жылу қазандығы жөнделген.

Оқу кабинеттерін қайта жаңғыртылып, білім ордасы заманауи қондырғылармен және жаңа технологиямен жабдықталды.

Анықтама үшін: Шар қаласындағы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» 1978 жылы пайдалануға берілген. Қазір мұнда 300-ден астам оқушы білім алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив