Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Су құбырлары қайта жаңартылмақ

1-09-2023, 09:47 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданының Қаражал ауылында халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында су мұнарасын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда «АйТиЭл group» ЖШС мердігер ұйымы су мұнарасын жылытқыштармен бекітіп, орнатуға дайындап жатыр.

Сондай-ақ, Жарма ауылының тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ететін су құбырын тарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау жоспарланған.

Еске салсақ, биыл Сұлусары ауылында су желілерінің құрылысы жалғасып, Үшбиік, Қалбатау ауылдарындағы су құбыры желілері жаңартылады.

Анықтама үшін: Жарма ауданында 38 мың адам тұрады, халықтың 98% таза ауызсумен қамтылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив