Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

1-09-2023, 10:14 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданының Екпін ауылындағы көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «SKS building» ЖШС мердігер ұйымы 3,1 шақырым жолдың негізгі қабатына құм-қиыршық тас төгіп, тегістеу жұмыстарын жүзеге асырып жатыр.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен аудандық маңызы бар 4 автокөлік, 3 көше жолын орташа жөндеу жұмыстарына және облыстық трансферттен 1 көше жолына қаражат бөлінді. Атап айтсақ, аудандық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Танамырза ауылына кіреберіс автомобиль жолының құрылысы толығымен аяқталды.

Бағдарлама аясында бірқатар жоба іске асырылды. Оның ішінде Құмкөл ауылындағы 1,7 шақырым көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын мердігер “ПМК құрылыс” ЖШС-і толық аяқтады, Қызылкесік ауылының 2,3 шақырым көшесін орташа жөндеуге қаражат бөлінді, Ақсуат ауылішілік көшенің 6,5 шақырым жолының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, Боғас өзеніндегі көпірді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жөндеу жұмыстары басталса, Тебіске өзеніндегі көпірді қайта жаңғыртуға және Есім ауылындағы кіреберіс көпірдің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурстық құжаттар дайындалып жатыр.

Айта кетсек, алдағы жылы Екпін ауылында 300 орындық мектеп, дәрігерлік амбулатория, ойын алаңы, футбол алаңы салынатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив