Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мәулен Әшімбаев: «Сенат жолдауда ұсынылған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайын»

1-09-2023, 15:47 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның VIII шақырылған Парламенттің II сессиясындағы алғашқы отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда белгілеп берген басымдықтарды талқылады. Сенат Төрағасы ел Президентінің бастамалары мен реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету Палатаның аса маңызды міндеті екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев Жолдауда берілген тапсырмалар қазіргі жағдайда өзекті екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды іске асыру жолында азаматтардың жұдырықтай жұмылуы маңызды екеніне назар аударды.

«Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді. Қазіргі таңда әлемдегі күрделі ахуал мемлекеттердің дамуына өз әсерін тигізуде. Осындай қиын кезеңде Президентіміз халықтың тұрмыс сапасын арттыруға үлкен көңіл бөліп отыр. Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйелі механизмдері көрсетілді. Бәріне бірдей түсінікті, ашық, әділетті салық саясатын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Инвестиция тартуға қолайлы бизнес климат қалыптастыруға баса мән берілді. Сондай-ақ Президентіміз елімізді индустрияландыру кезеңдерінде қордаланған проблемаларды шешіп, бұл үдерісті сапалы жүргізуді тапсырды. Ауқымды инфрақұрылымдық серпіліс жасау арқылы өңірлердің де дамуына жаңа тыныс беру көзделіп отыр. Мұның бәрі халықтың өмір сүру сапасын арттырып, әділеттілік қағидатының барлық салада жүзеге асуына мүмкіндік беретіні сөзсіз. Алдағы уақытта Сенат Президентіміз белгілеп берген міндеттерді заңнамалық тұрғыдан сапалы әрі уақтылы қамтамасыз ету жолында белсенді жұмысын жалғастыра береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата Спикері сенаторлардың өңірлерге сапарларын қорытындылап, барлық деңгейдегі депутаттармен және жұртшылықпен жүйелі өзара байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталды.

Мәулен Әшімбаев жаз айларында сенаторлар өңірлерде жергілікті халықпен, қоғам өкілдерімен және мәслихат депутаттарымен 580-нен астам кездесу өткізгенін атап өтті. Аталған кездесулерде айтылған ұсыныстар, мүдделі тараптардың, түрлі әлеуметтік топтардың, сарапшылардың, қоғамдық институттардың және ғалымдардың пікірлері заң шығару қызметінде назардан тыс қалмау керектігі де тілге тиек етілді.

Сондай-ақ Палата отырысында депутаттар Электрондық жүйенің пайдаланылуын және оған қызмет көрсететін персоналдың жұмысын бақылау жөніндегі комиссияны құру туралы мәселені қарады.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив