Киелі мекенге тағзым жасады
Абай гарнизонының әскери қызметшілерінің отбасылары Қоңырәулие үңгіріне саяхат жасады. Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шарада тылсымға толы тарихымен қатар Шығыс елінің көрнекті де киелі орынына айналған орындарға жүзден астам әскери қызметші мен олардың отбасы қадам басты. Абай облысының Қарауыл ауданы мен Саржал ауылының арасында орналасқан үңгірге саяхат қызықты естеліктерге толы болды дейді саяхатқа шыққандар. Әсіресе, үңгір ішіндегі қасиетті саналатын көлшік суға түсемін деп барғандар мұздай судан сескенген көрінеді. Салқындығы шекеден өтетін салқын судың шипасы біраз елдің ауызында жүр. Сырқат жерін қасиетті сумен жуған соң дертінен арылады деген мағлұмат та аз емес.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі