Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласын абаттандыруға танымал ландшафт сәулетшісі шақырылды

24-08-2023, 16:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ландшафт дизайнері, сәулетші Роман Шнайдерманмен бірлесіп Жамақаев пен Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық кеңістіктердің құрылыс барысын тексерді.

Роман Шнайдерман - әйгілі ландшафт сәулетшісі. Ол Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Тараз және еліміздің басқа қалаларын абаттандыруға бағытталған жобаларды әзірледі. Ол Алматыдағы Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағын, Астанадағы ботаникалық бақты, сондай-ақ Түркістанның жаңартылған орталығын абаттандыру жұмыстарын жүзеге асырды. Қазіргі таңда ол, Жамақаев пен Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық кеңістіктердің дизайнының авторы. Семей қаласы 25 жылдан кейін облыс орталғы мәртебесін алғаннан кейін, архитектор өз авторлық сызбасын семейліктерге сыйға тартуды ұйғарған.

Көшпелі кеңес барысында Жамақаев және Мәңгілік ел көшелеріндегі қоғамдық орындарды көгалдандыру, тұрғындар үшін жайлы демалыс аймақтарын жайластыру және жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалысына жағдай жасау мәселелері қаралды.

"Көктемде облыс және қала басшылығының шақыруымен іске кірістім. Ең алдымен, біз қала тұрғындарының нені қалайтынын зерттедік. Ең алдымен біз қоғамдық кеңістіктерді қай жерге салатынымзды ойластырдық. Дәл қазір сіздермен бірге Мәңгілік ел көшесінде тұрмыз, бұл қала орталығын жағалаумен байланыстыратын артерия, қоғамдық кеңістіктерді ұйымдастырудың ең перспективалы орны деп санаймын. Біз мұнда жайлы қалалық ортаның барлық заманауи әлемдік үрдістерін жүзеге асыруға тырысамыз. Бұл жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайлы көше болады. Онда ойын алаңдары, спорт алаңдары, велосипед жолдары, тамақтану орындары, қызықты сәулеттік шамдар, автоматты суару жүйесі мен көпжылдық гүлдер отырғызылады",-деді сәулетші Роман Шнайдерман.

Жобаға сәйкес, абаттандыру жаяу жүргіншілер аллеясын, балалар ойын және спорт алаңдарын, демалыс және фудкорт аймақтарын салуды көздейді. Мұнда қала тұрғындарының тыныш және белсенді демалысы үшін арнайы орындар жабдықталады.

"Біз көгалдандыруға ерекше мән бердік. Біз барлық жобаларды облыс және қала басшылығымен бірнеше рет талқыладық, түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Біз бұл жобаға көп күш жұмсадық. Барлық жұмысты аяқтағаннан кейін, бұл аймақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орынына айналатындығына сенемін", - деді Роман Шнайдерман.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Семейде 10-нан астам қоғамдық кеңістік абаттандырылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив