Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды

25-08-2023, 15:46 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс орталығында қиын жағдайа ұшыраған анадарды қолдау мақсатында дағдарыс орталығы ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, мәслихат төрағасы Данияр Шакаримов және БАҚ өкілдері қатысты.

"2022 жылғы 23 маусымда Мемлекет Басшысы республика бойынша әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі дағдарыс орталықтарын құруды тапсырды. «Дағдарыс» орталығы бүгінгі таңда 10-нан аса маманды тұрақты жұмыспен қамтып, 25 төсек орын қоры арқылы жыл сайын алдын-ала болжам бойынша 50 ананы оңалту шараларын ұсынатындығы көңіл қуантады",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Дағдарыс орталығының мақсаты психологиялық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Орталықта зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды оңалту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі.

Әйел қауымының бос уақытына арналған теледидар мен жұмсақ жиһаз орнатылған демалыс бөлмелері қарастырылған. Сонымен қатар, ғимаратта оқыту үшін тренинг, семинарлар өткізуге арналған зал бар. Барлық жерде бейнебақылау орнатылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив