Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Нұрбол Нұрсағатов «АБАЙ ЖАСТАРЫ» бағдарламасымен «Отбасы банк» арқылы пәтер алған алғашқы клиентті қабылдады

31-08-2023, 16:15 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылдың желтоқсан айында қала әкімдігінің бастамасымен жастарға арналған «Абай жастары» бағарламасы жүзеге асырылған болатын.

Бағдарлама арқылы 41 азамат өз баспаналарының иесі болды. Солардың бірі –Айгерім Рысбердина, ол Семей мемлекеттік университетінің клининкасында мейірбике болып жұмыс істейді. 2016 жылдан бері «Мемлекеттік қызметші» ретінде баспана кезегінде тұр. Өткен жылы аталмыш бағдарламаға өтінім білдіріп, Қарағайлы шағын ауданынан пәтер алған.

«Біз тиісті конкурстан өткеннен кейін, «Отбасы банк» екі айдан кейін құжаттарымызды қабылдады. Одан кейін біз өзімізге ұнайтын пәтерлерді қарастырдық. Қазіргі таңда «Қарағайлы» шағын ауданынан екі бөлмелі пәтер алдық. Жастарға осындай мүмкіндік берген, облыс пен қала басшылығына алғысымды айтамын»,- деді «Абай жастары» бағдарламасы арқылы пәтер алған А.Рысбердина.

Естеріңізге сала кетейік, Абай жастары бағдарламасы «Отбасы банк» АҚ арқылы Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

«Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған Қазақстан бойынша қалалар ішінде алғашқы жоба біздің қаламызда ойдағыдай жүзеге асырылды»,- деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Семей филиалы бойынша жетекшісі Равиль Сабитов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив