Семей қаласында жаңартылған аулалар ашылды
Бүгін білім күні мерекесіне орай 2 мекенжай бойынша күрделі жөндеу жүргізілген аулалар ашылды. 343 квартал 7-8 үйлер, Глинки көшесі 30-32 мекенжайлары бойынша жаңа аулалар пайдалануға берілді.
Іс-шара барысында аниматорлар ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырып, тұрғын үй кешендерінің кішкентай тұрғындары үшін турнирлер өткізумен жалғасты. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр ауланы аралап, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, Семей қаласында 576 аула бар. Оның 90%-ның тозығы жеткен. Биыл 180 тұрғын үйді қамтитын 70 ауланы күрделі жөндеуден өткізіп, әр жыл сайын аулаларды кезең-кезеңімен жөндеу жоспарланған.
“1995 жылы осы үйге көшіп келдік. Содан бері ауламыз биыл ғана жөндеу көрді. Балаларымыз дән риза. Біз де кешкілікте үйден шығып, аулада отырамыз. Бұрын аулада гараждар ғана тұратын. Қазір бәрін алып тастап, керемет аула жасады. Осындай қуаныш сыйлаған облыс пен қала әкіміне алғысымызды айтамыз”,- деді Глинки 30 мекенжайының тұрғыны Бақытжан Аманбердіқызы.