Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы әкімдігімен ҚР Кәсіподақтар федерациясы меморандумға қол қойды

13-09-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және басқарма басшылары қатысты.

Жиында жұмысшылардың еңбекақысын арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау шараларын белгілеу мен ұйымдардың ұжымдық келісімшарттар мәселелері талқыланды.

«Өздеріңіз білетіндей облыстық әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясы өз ісін қарқында атқаруда. Жыл басынан жалпы облыстық, аудан және қалалық комиссияның 33 отырысы өтті. Айтарлықтай нәтижелер де бар», – деді Айдын Кәрімов.

Сондай-ақ, жиында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Еңбек консультациялары» акциясын енгізу жоспарда бар. Жоба мақсаты - әлеуметтік әріптестер арасындағы ашық диалог қалыптастыру.

Кездесу барысында Абай облысының әкімдігі мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың басым бағыттарының қатарына қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, еңбек заңнамасын сақтау, өзара ақпарат алмасу, азаматтардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру көзделеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив