Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында волонтерлік бағыт қарқынды даму үстінде

14-09-2023, 17:20 Жұлдызай Кәкімова

Бүгін Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық еріктілер желісі» Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюктің қатысуымен «Bırgemız: äreket uaqyty» атты еріктілерді мемлекеттік қолдау бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтуде.

Оған Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев пен БАҚ өкілдері қатысты.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Абай Жастары» жастар ресурстық орталығы жанынан «Абай Жастары» еріктілер фронт-офисі жұмыс істейді. Жастар орталықтарының мәліметінше, Абай облысында 4000-ға жуық ерікті бар. Сондай-ақ, волонтерлік бағытта жұмыс істейтін 8 үкіметтік емес ұйым, оқу орындарының базасында 23 волонтерлік ұйым мен 19 ынталы топ тіркелген.

«Облыста волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жастардың волонтерлік бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Жоба аясында облыс волонтерлерінің базасы дайындалып, волонтерлік ұйымдардың тізілімі жасалады. Сондай-ақ, еріктілер үшін «СМС-кликт» әдісі арқылы жедел смс-хабар тарату желісі іске қосылады. Бұл желі бойынша жаппай іс-шаралар мен төтенше жағдайлар кезінде жедел ақпарат жіберілетін болады», -  деді «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк.

Сонымен қатар, бірлестік басшысы әр өңірге іс сапар барысында арнайы оқыту семинарларын, және бейресми волонтерлік топтармен кездесулер өтетіндігін атап өтті. Мәселен, жобаның мақсатына сәйкес Бородулиха, Абай, Аягөз, Үржар, Жарма, Ақсуат, Көкпекті аудандарына баратын арнайы мобильдік топ құрылып, еріктілердің біліктілігін арттыру бойынша тренингтер және төтенше жағдайда ден қою бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.

Татьяна Александровнаның айтуынша, мемлекет тарапынан еріктілер тобына ерекше көңіл аударылған. Мәселен, волонтерлерге түрлі халықаралық еріктілер жиынына қатысуға мүмкіндік бар. 

Сонымен қатар еріктілер тобының тағы да бір қолға алған жобасы, ол - облыс тұрғындарын әлеуметтік желілер арқылы атқарылған жұмыстар туралы хабардар ету. Осы мақсатта Instagram әлеуметтік желісінде @abai_volunteer парақшасы ашылды. Болашақта маркетингтік әдістерді қолдана отырып, ақпаратты таратудың тиімділігі артады. Әлеуметтік жоба жыл соңына дейін жүзеге асырылмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив