Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

«Birgemiz: Qamqor» жобасы жалғасып жатыр

24-02-2023, 12:33 Думан Кенжеғазыұлы

«Birgemiz: Qamqor» жобасы аясында 3 мың қарияға қолдау көрсетілді.

Елімізде «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы жалғасуда.
Үш жылдық «Birgemiz: Qamqor» жобасы қарттар үйлері мен халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне қарасты әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың тұрғындарын қолдауға бағытталған.

2022 жылы «Birgemiz: Qamqor» жобасын ұйымдастырушылар әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында жұмыс істеуге ниетті 1000 еріктіні арнайы оқытудан өткізді.

Сондай-ақ, шағын гранттар конкурсының нәтижесінде 30 жеңімпаз өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асырды.

«Birgemiz: Qamqor» әлеуметтік жобасын іске асыру 2023 жылы да жалғасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүр бойынша жалғызбасты қарттарға көмек көрсету және еріктілерді әлеуметтік өмірге тарту мақсатында түрлі бастамаларды қолдауға бағытталған шағын гранттар конкурсы биыл да өтеді.

Жоба аясында 2023 жылы 300 мың теңге мөлшеріндегі 30 шағын грант бөлінеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес жобаға бір жыл ішінде кемінде 2 мың волонтёр тартылмақ.

Айта кетейік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Birgemiz: Qamqor» әлеуметтік жобасы 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Жоба операторы - ҚР АҚДМ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив