Аягөз ауданында жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Ақшатау ауылдық округінде ұзындығы 2 шақырымды құрайтын ауылдың кіреберіс жолдарын орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Ауылдық округ аудан орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан. Елді мекендегі халық саны 770 адам.
Аягөз ауданындағы жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 410,8 шақырым. Оның ішінде Аягөз қаласындағы жолдардың ұзындығы 108 шақырымды құрайды.
Анықтама үшін: Қазіргі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Аягөз ауданында жол инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Айта кетсек, бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында сәтті жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бастама.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 6,7 есеге арттыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ