Жарма ауданында бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді
Жарма өңірінде бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар белсенді түрде жалғасып келеді. Атап айтқанда, осындай маңызды бастаманың бірі – балалар ойын алаңдарын ашу.
Мәселен, Суықбұлақ округіндегі Ұзынжал ауылында шағын футбол алаңының құрылыс жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға аудандық бюджеттен 13 млн теңге қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, Белтерек ауылында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт нысандарының құрылысын «АйТиЭл group» ЖШС жүргізді.
Шар қаласына қарасты Көшек ауылындағы тағы бір футбол алаңының құрылысы аяқталып, мердігер «Роза-валяльно - войлочный комбинат» ЖШС ұйымы 13 миллион теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Ақжол ауылдық округіне қарасты Жаңаөзен ауылында балалар ойын алаңы орнатылды. Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 5 миллион теңге бөлініп, мердігер «Барлык ЛТД» ЖШС ұйымы болды.
Шалабай ауылында «InterGoldCapital» және «Krauser» ЖШС мердігерлерімен жасалған меморандум аясында баскетбол алаңы мен жүгіру жолы салынды.