Аягөз ауданының әкімі лауазымына Әділбай Қанат Серікқанұлы тағайындалды
Президент Әкімшілігі мен Аягөз аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша тағайындалған жаңа аудан әкімін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев таныстырды.
Аймақ басшысының айтуынша, Қанат Серікқанұлының көп жылдық тәжірибесі ауданның дамуына ықпал етері сөзсіз.
Сондай-ақ, облыс әкімі аудан әкімінің алдында бірқатар нақты міндеттер мен жауапкершілік тұрғанын айтты.
Қанат Серікқанұлы 1972 жылы 14 желтоқсанда Аягөз қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Аягөз қаласындағы Кешірім Бозтаев атындағы орта мектепті үздік бітірді.
1990-1996 жылдары Семей ет-сүт өнеркәсібі технологиялық институтында, қазіргі Шәкәрім университетінде «Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша оқыды. Инженер-экономист.
Экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР Салық қызметінің үздігі.