Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Ертең Семейде Еңбек күні мерекесі атап өтіледі

23-09-2023, 17:34 Думан Кенжеғазыұлы

Мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар, соның ішінде әркім өзіне лайықты жұмыс орнын таба алатын Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 

Сонымен қатар, барлық іс-шаралар өтетін Арбатта «Еңбек галереясы» фотокөрмесі, бизнес-идеяны жүзеге асыруға грант алушылардың көрмесі және мерекелік концерт өтеді.

Іс-шара «Еңбек жолы» өңірлік байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталады.

Іс-шараның басталуы сағат 15:00-де.

Қаланың барлық тұрғындарын Еңбек күнін мерекелеуге қатысуға шақырамыз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив