Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Еңлік-Кебек ескерткіші

Семей-Қарауыл тас жолының 120 шақырымында жолдың оң жағындағы төбеде Еңлік-Кебек ескерткіші орналасқан. Бастауын сонау Аягөзден алып, Шар, Архат өңірлерін басып өтіп, көктем суымен тасып, Ералы жазығына молынан жайылатын Ащысу өзенінің бергі бетіндегі төбені Шұбартөбе деп атайды.

Осы төбе басына бір-біріне ғашық болған сұлу Еңлік пен батыр Кебек жерленген. Ғашықтар трагедиясы Абайдың ақындық мектебінің өкілдері Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мағауия Абайұлының поэмаларына арқау болған, замананың заңғар туындылары.

2022 жылы ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңғыртылды. Зиярат кешенінің ауласы абаттандырылып, қос ғашыққа  арналған ескерткіш қоладан қайта жасалды. Жүрек формасындағы арт кескіндеме орнатылды.

Бүгінгі күні бұл жер отау құрған жас-жұбайлар мен туристер тағзым ететін ерекше орынға айналған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив