Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысының еріктілері мемлекеттік сатып алу мониторингіне қызығушылық танытты

27-09-2023, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында қатарға жаңадан қосылған еріктілерге семинар-оқыту өткізді.

Алдымен тыңдаушыларды осы жобаның негізгі ережелерімен, жобаға қатысушылардың әрқайсысы сақтауы тиіс заңнамада көзделген шектеулермен таныстырды.

Уәкілетті органның өкілдері әрбір волонтер өз қызметінде «Волонтерлік қызмет туралы» Заңның нормаларын қатаң басшылыққа алуы қажет екенін атап өтті.

Кейін іс-шара барысында қатысушыларға бағаны негізсіз көтеру сияқты тәуекелдерді анықтау және жою мақсатында жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларға мониторинг, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің медианалық бағасын айқындау тәртібі көрсетілді.

Сондай-ақ облыстың екі ауданында 40 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал еткен еріктілердің алғашқы нәтижелері таныстырылды.

Мәселен, Ақсуат ауданының әкімдігі туристік маусымның соңында Алакөл жағасында 15 млн. теңгеге концерт өткізуді жоспарлаған. Ал Көкпекті ауданында «Лада» автокөлігін жөндеуге 26 млн. теңге жұмсамақ болған.

Осылайша, еріктілер жымқыру белгілерінің алдын алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізуге шақырылды.

Қатысушылардың бірі, Оңтүстік Кореяда біраз уақыт тұрған Гүлнара Қабышева: «Қазақстанға оралғаннан кейін елдің дамуына өз үлесімді қосқым келді. Жоба қоғамдық қызметке қатысып, өз ойымды іске асыруға үлкен мүмкіндік береді», деп ойымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет белсенді азаматтарды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатысуға шақырады.

Ол үшін Семей қаласы, Байтұрсынов көшесі, 36 мекенжайы бойынша немесе +7(7222) 770-164, +777753693391 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив