Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында «Жас әкелер» форумы өтті

29-09-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде өткен шараға аға буын өкілдері, дін қызметкерлері, ұстаздар қауымы мен қоғам белсенділері қатысты. Форум облыстық «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Форум аясында 4 түрлі секция өткізілді. Іс-шара барысында пікір алмасу, семинар-тренинг пен отбасылық эстафета ұйымдастырылды. Шараға жас Әкелер қатысты. 

Форумның арнайы шақырылған қонағы, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов отбасы құндылығы адамзаттық құндылықтармен тығыз байланысты екенін айтты.

«Адам қоғамға пайдасын тигізуі керек. Әр адам өзін өзгертуі маңызды. Ең алдымен намыс үлкен мәнге ие болуы қажет. Мысалы: Адам көшеде өзін нашар сезінді делік. Қазіргі адамдардың көпшілігі не істейді? Олар телефондарын алып, оны түсіре бастайды, оны әлеуметтік желіге салады, адамдар оны қызу талқылайды. Не үшін? Ең алдымен, адамға көмектесу керек, көмек көрсете алмасаңыз, көмек шақыру қажет. Қандай жағдай болмасын адамгершілікті ұмытпауымыз маңызды», - деп атап өтті Нұрлан Асанов.

ABU университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов (көпбалалы әке) бүгінгі жастар жайындағы мысалдардың көбі оң емес екендігін жеткізді.

«Біздің өткенге көз жүгірткеніміз дұрыс. Дегенмен де, заман ауысқан сайын кейбір дүниелердің қолданыстан шығып қалғаны шындық. Бірақ негізгі ұғымдарды есімізден шығармауымыз керек. Біз жастарға жақсы үлгі көрсетуіміз қажет», - деп атап өтті Айрат Базенов.

Алғашқы бөлімде сөз алған Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов отбасы өмірінде әкенің орны қашанда ерекше екенін атап өтті.

«Отбасы бағасын әкенің еңбегі арқылы беру керек. Себебі, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде анамен қатар, әкенің де маңызы зор. Қазақ халқы ежелден ислам бойынша өзіне лайықты өмірлік жар табуды сөз еткен. Бұл жерде отбасы мүшелерінің бір-бірінен айырмашылығы маңызды емес, тек әркім бір-біріне лайықты болуы керек», - деп атап өтті Асқар Мұқанов.

Сондай-ақ, имам қыз тәрбиесіндегі әкелердің орны ерекше екеніне тоқталды.

«Бала өмірінде ата-ананың алатын орны ерекше. Қыз бала әкесіне қарап өзінің жарын таңдайтыны бұрыннан белгілі. Сондықтан жиналған жас әкелер қыз бала тәрбиесіне өте мұқият болуы керек», - деп қосты облыстың бас имамы.

Форум барысында еліміздегі отбасы институтын одан әрі дамыту жөніндегі пікір алмасу өтіп, отбасы құндылықтарын нығайтуға қатысты сындарлы ұсыныстар айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив