Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Красный Кордон және Зағиптар қоғамы ауданында орталықтандырылған су құбыры тартылады

30-09-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылыс-монтаж жұмыстарын бақылау аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Жандос Қайырханов Красный Кордон және Зағиптар қоғамы ауданындағы су құбыры желілерінің құрылыс нысандарын аралады.

Жобада аудан аумағында су құбыры желісін салу және түрғын үйлерге дейін жеткізу қарастырылған.

Құбыры желісінің жалпы ұзындығы 90 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін 2800-ден астам тұрғын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Айта кетсек, бұл жоба «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаны жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив