Аягөз ауданының Досумбаевтар жанұясы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпазы атанды
Досумбаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпазы атанды.
Айта кету керек, тек Абай облысынан конкурсқа 100-ге жуық отбасы қатысуға өтінім берді.
Бүгін, Астанада Отбасы күні қарсаңында биыл 10-шы рет өткізілген конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздар қатарында Абай облысы Аягөз қаласынан Досумбаевтар отбасы да бар.
Өнегелі отбасының отағасы – Қайратбек Досумбаев - ішкі істер органдарының ардагері. Жұбайы Зухрамен бірге олар төрт бала тәрбиеледі. Барлық балалар әке жолын қуып, ішкі істер саласында қызмет етеді.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева қатысты.
Министр жеңімпаздарға Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатын оқыды. Марапаттау рәсімі қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасты.