Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.88 503.61 5.24

Ажа ауылында ауылдық клуб ашылды

2-10-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданында ауылдық клубтың салтанатты ашылуы өтті.

Ауылдық клуб ғимаратының ұзындығы 30 метр, ені 10 метрді құрайды. Бұдан бөлек, клубта аудитория мен киім ауыстыратын бөлме бар. Келушілердің жайлылығы үшін 200 орындық қойылған және қажетті музыкалық аппаратурамен қамтамасыз етілді.

Еске салсақ, ауыл тұрғындары ұзақ жылдар бойы лайықты орын болмағандықтан мәдени шараларды ұйымдастыра алмады. Мәселені ескере отырып жергілікті тұрғындар бастама көтеріп, өз қаражатына ауылдық клуб салу туралы ұсыныспен аудан әкіміне жүгінді.

Сонымен 2023 жылдың қыркүйек айында ауылдық клубтың құрылысы аяқталды. Бұл Ажа ауылының мәдени өмірі мен қоғамдық қарым-қатынасын байытудағы елеулі қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив