Абай облысының әкімі Бородулиха ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады
Бородулиха ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Уранхаев Новая Шульба ауылында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды.
Мекеме 2004 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде әртүрлі жастағы 75 оқушыны қамтиды. Орталық жұмысының негізгі бағыты – қосымша білім беруді дамыту. Оқушылардың жан-жақты дамуына әртүрлі үйірмелер мен қызығушылық секциялары ықпал етеді. Орталық тәрбиеленушілері аудандық және облыстық жарыстарға, конкурстар мен фестивальдерге қатысып, жеңіске жетеді.
Аймақ басшысы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинға орталықпен тығыз жұмыс жасап, барынша қолдау көрсетуді тапсырды.
018.kz
Тағыда оқыңыз