Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Ақсуат ауданында балалар ойын алаңы салынып жатыр

4-10-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағытта Ақсуат ауданында жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр.

Биыл аудан орталығында бокс, қол күресі, гір көтеру, бассейнде және волейбол спорт үйірмелері бар спорттық-сауықтыру кешені ашылды.

Ақсуат ауылының Қожамқұлов, Ұранхаев, Абылай хан, Байқыдыров ықшамауданында 4 шағын футбол алаңы және 4 балалар ойын алаңы салынып жатыр. Бұдан бөлек, Жамбыл, Кәрібай, Абай, Молдабай көшесінде балалар ойын алаңын салуға конкурстық рәсімдер өткізілген.

Бүгінде Кіндікті мен Қожакелді ауылдарында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Аққала, Үштөбе, Қызылкесік, Сәтбаев, Тана мырза, Қарғыба, Ескі Көкжыра, Екпін ауылдарына шағын футбол алаңдары салынатын болады.

Жақын арада Көкжыра, Екпін, Ойшілік ауылдарына балалар алаңының құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер компания анықталады. Ойын алаңдары тұрғындар игілігіне жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив