Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ұстаздар күнімен құттықтады
Құрметті ұстаздар қауымы!
Ардақты білім саласының ардагерлері!
Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кез-келген ортада шәкіртке білім нәрін беріп, ізгілік нұрын төккен ұстаздың орны ерекше!
Қоғамның басты байлығы болған адамның «адамшылығы жақсы ұстаздан» - дейді хәкім Абай.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үнемі білім саласына ерекше көңіл бөліп отырады.
Ұрпағымыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болу үшін, мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасап келеді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 5700 оқушыға арналған 11 мектеп салу жоспарланған. Оқу жылының басынан бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтылды. Басқа да әлеуметтік міндеттемелер орындалып келеді. Әрине, бұл үрдіс жалғасын табады.
Еліміздің бәсекеге қабілетті болуы да, қоғамның ілгері дамуы да, Абай айтқан «толық адам» формуласының іске асуы да Ұстазға байланысты! Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте шығармашылық табыстар тілеймін!
Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев