Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Италия қорғаныс ведомствосының өкілдері келді

5-10-2023, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Италия Республикасы Қорғаныс Бас штабы халықаралық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары полковник Маттео Зулиани бастаған итальяндық делегациямен ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин кездесті.

Штабтық келіссөздерге қатысушылар екіжақты қатынастардың ағымдағы жай-күйін және 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық шараларын талқылады.

Сапар бағдарламасына сәйкес Италия делегациясының мүшелері Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив