Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Есту қабілеті нашар балаларға қолдау жасалды

6-10-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылдың соңында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы аясында есту қабілеті нашар балалар оқитын №4 арнайы мектеп-интернатқа көмек ретінде 5 млн-ға жуық қаражат бөлінген болатын.

Осы қаражатқа мектеп-интернат 11 дыбысты күшейтетін аппаратура сатып алынды. 10 аппарат оқушыларға, 1 аппарат дефектолог маманға берілді. Мектеп-интернаттағы бұл құрылғылар он жылдан бері жаңартылмаған болатын. Арнайы аппаратура дыбысты және сөйлеуді қабылдауды жақсарту үшін ыңғайлы акустикалық жағдайды қамтамасыз етеді. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту барысында таптырмас құрал.

Арнайы сатып алынған құрылғы мұғалімнің сөйлеуін күшейтеді, басқа оқушылардың жауаптарын және олардың сөйлеуін қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, интернатта нашар еститін оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіруде ерекше білім қажеттілігі бар балаларды оқытуға көмекші сурдоқұралдар да пайдаланылады.

Байқауға қатысты құжаттаманың жүзеге асуы ұзаққа созылып, салдарынан сатып алу процесі кешіктірілген болатын. Дегенмен барлығы сәтті аяқталды.

Анықтама үшін: Мектеп-интернатта барлығы 50 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 9 сурдоаудармашы, 23 дефектолог, 18 тәрбиеші бар. Дайындық сыныптан 10-сынып аралығында 72 оқушы тәрбиеленеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив