Семейде көпбалалы 20 отбасыға тұрғын үй кілттері табысталды
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 20 отбасына Ұшақтар кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады.
Салтанатты шараға «Amanat» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сейілбек Ысқақов та қатысты. Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін Комсомол кентінен тағы 12 көп балалы отбасы баспаналы болмақ. Сондай-ақ, Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Осыған орай, Қарағайлы ықшам ауданында бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ге жуық әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасатын болады.