Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы арасында меморандумға қол қойылды

11-10-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімдігінде Қытай СУАР Тарбағатай ауданы делегациясымен кездесу өтті. Кездесуде ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Бүгінде Абай облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып келеді. 2023 жылдың тоғыз айында тауар айналымының жалпы көлемі 250 млн АҚШ доллары болса, экспорт 169,6 млн АҚШ доллары, импорт 80,4 млн АҚШ долларды құрады.

Абай облысының әкімі өз сөзінде Қытаймен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Қытай Халық Республикасы - облысымыздың негізгі сыртқы сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Екі ел арасында ауыл шаруашылығында, жасыл энергетикада, туризм саласы мен электрондық саудада өзара іс-қимыл әлеуеті зор екені сөзсіз», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Сондай-ақ, аймақта логистикалық орталықтың құрылысы басталды. Сиань қаласында екі ел арасындағы жүк айналымын арттыруға және Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға көмектесетін құрғақ порт құрылысы жоспарланған.

«Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен «Бахты» өткелінде жаңа «құрғақ порт» салу жоспарланып отыр. Жобаның толық іске қосылуы екі елдің ынтымақтастығына және көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға тың серпін береді. Біздің басты аймақтық міндетіміз, Мемлекет басшыларының уағдаластықтарын толық іске асыру жөнінде кешенді шаралар қабылдау. Өз тарапымыздан аталған жобаларға барынша қолдау көрсететін боламыз», – деді облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетсек, Абай облысы Қытай халық республикасынан Ресей Федерациясына және орталық Азия елдеріне транзиттік жүк тасымалдау арқылы тұтастай экономиканың дамуына серпін беретін бірегей транзиттік әлеуетке ие.

Жиын барысында ынтымақтастық және жобаны жүзеге асыру туралы меморандумға да қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы, энергетика, туризмді дамыту, сауда-экономикалық қарым-қатынастар, трансшекаралық көлік шекараларын кеңейту, электронды коммерцияны дамыту, көлік инфрақұрылымын жақсарту болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив