Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Бесқарағай ауданында ауылдық клуб ашылды

11-10-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданында ұлттық мәдениетті ұлықтайтын ауылдық клубтың салтанатты ашылуы өтті. Оның арсеналында концерт залы, аудитория мен киім бөлмесі бар.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын жүргізген «Сүлейменов» мердігер ұйымы аталған ауылдық клубқа музыкалық аппаратура сыйға тартты.

«Ауыл ажарын көріктендіре түскен Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Енді мұнда көркемөнерпаздардың өнері өрістеп, жастардың жақсы бастамаларына қолдау жасалады», - дейді Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов.

Анықтама үшін: Жалпы Малая-Владимировка ауылында 763 тұрғын бар. Елді мекен Бесқарағай ауданының орталығынан 10  шақырым жерде орналасқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив