Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтті

13-10-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық жастар форумы ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тұтастықты қалыптастыру, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына жастарды, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуын қамтамасыз ету.

Форумға Абай облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті басшысының бірінші орынбасары мен жастар өкілдері қатысты.

Шара барысында спикерлер жастар арасында тұтастықты қалыптастырудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталықтың рөлі, «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысы, студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары бойынша баяндамалар жасады. 

Форум қорытындысы бойынша белсенді жұмыс атқарған жастар алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив