Абай облысында Республика күніне орай «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» ақциясы өтті
Республика күніне орай Абай және Жетісу облыстары Ассамблеясының жастары Семей қаласында ағаш көшеттерін отырғызды.
Жоба аясында екі облыстың Достық үйінің қызметкерлерімен бірлесіп «Ассамблея жастары» Бейбітшілік аралында 200 қарағай және басқа да ағаштар отырғызды.
Жастардың басты мақсаты - қазақстандық патриотизмді, ұлттық – мемлекеттік сезімді бірегейлік пен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаны көркейту.
Абай облысы қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Олжас Соғымбай Жетісу облысының қонақтарына шағын естелік сыйлық сыйлап, осындай жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді көгалдандыруға ерекше назар аударып, орман қорларында 2 млрд ағаш және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды тапсырған болатын.