16 қазан - Қазақстанда нан күні
16 қазан Қазақстанда нан күні атап өтіледі. Бұл күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітіліп, астық өнімдерінің мәртебесін нығайтуға бағытталған.
Нан күні сонымен қатар осы құнды өнімді өндіруге қатысушылардың барлығының кәсіби мерекесі болып табылады: шаруалар, ұн тартушылар, наубайшылар.
Отандық шаруалардың еңбегінің арқасында еліміз айтарлықтай астық ресурстарына ие және азық-түлік нарығының маңызды қатысушысы болып табылады.
Биылғы жыл нан өсірушілер үшін қиын болды. Алайда, барлық сын-тегеуріндерге, қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, Қазақстан ішкі нарықты бидайдың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етіп, сондай-ақ өзінің экспорттық әлеуетінде сақтайды.
Бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны аяқталуда, жұмыстар 15,6 млн гектарға (90,2%) жүргізілді. Орташа өнімділігі 9,3 ц/га болған кезде диқандар 14,6 млн тонна астық бастырды.