Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Шар қаласының 60 жылдығына жаңа нысандар ашылды

23-10-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданы Шар қаласының 60 жылдығына орай күрделі жөндеуден өткен орталық сахна мен «Батырлар аллеясының» салтанатты ашылуы өтті.

Мереке қонақтары орталық алаңға орнатылған Кеңес Одағының Батыры Петр Карелиннің мүсіні мен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған стелланың ашылуын тамашалады.

Аллеядағы ескерткіш тақтаға майданнан оралмаған 2500 ардагердің, сондай-ақ соғыс аяқталғаннан кейін қаза тапқан жауынгерлердің есімдері жазылған.

Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров жиналған халықты шаһардың мерейтойымен құттықтап, бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы бізге бейбітшілік сыйлаған батырларымыздың ерлігінің арқасы екендігін ерекше атап өтті.

Жергілікті тұрғындардың тілегін ескере отырып, қала мерейтойына орай орталық сахна күрделі жөндеуден өтіп, мемориалдық тақта және ескерткіш қола мен граниттен жасалды. Бұл жер тұрғындардың демалуы үшін жайлы мәдени орынға айналады.

Шараға қатысушылар Отан үшін от кешкен жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Орталық алаңда жиналған қауымға арнайы қала тарихына арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Шар қаласының 60 жылдығына орай мешіт ашылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив