Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде Республика күніне орай әскери флешмоб өтті

23-10-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Республика күніне орай Семей қаласында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған музыкалық флешмоб өтті.

Мерекелік іс-шараға 90 сарбаз, оның ішінде әскери оркестр қатысты. Арнайы флешмоб кезінде сарбаздар сап түзеп, шеруге шығып, үйлесімді іс-қимылдар көрсетіп, әнұран орындады. 

Әскери бөлімнің майоры Болат Айткалиевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Бұл іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі.

Айта кетейік, Семей қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай 200-ден астам мерекелік іс-шара өтетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив