Бесқарағай ауданында 25 қазан - Республика күніне орай «Қыран далам - Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті
25 қазан - Республика күніне орайластырылған «Қыран далам - Қазақстан» атты салтанатты жиынға Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында аудан басшысы Талғат Батырұлы бұл даңқты датаны ұлттық, мемлекеттік мереке дәрежесінде атап өтудің мәні өте зор, әрі әділ және тарихи шешім екенін атап өтті.
Сонымен қатар, шара барысында қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 30 адам марапатталды.
Салтанатты іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізді. Республика күніне орай ауданда 30-дан астам іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Айта кетсек, биылғы Ұлттық мерекеге Бесқарағай ауданы зор жетістіктерімен келіп отыр. Тәуелсіздік жылдары ауданға тартылған инвестицияның тең жартысы, яғни, 19 миллиард теңге соңғы 5 жылдың еншісінде. Биыл 9 айда Бесқарағай ауданына 6 миллиардқа жуық теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 230 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі жоспарға сәйкес орындалады деп күтілуде.