Ақсуат ауылының 25 көпбалалы жанұясы Республика күні пәтер кілтіне ие болды
25 қазанда Республика күнін мерекелеу құрметіне Ақсуат ауылының жаңа шағын ауданынан 25 көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер кілттері табысталды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы жаңа қоныстанушыларды құттықтап, аудан бойынша халықтың түрлі санаттарын тұрғын үймен қамту әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Сондықтан осы саладағы жүйелі жұмыс жалғасатын болады.
Қазіргі уақытта ауданда тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 27% - ға өсті. Яғни, егер 2022 жылы 3182 шаршы метр енгізілсе, биыл - 4038 шаршы метр тұрғын пайдалануға берілді.
Тағыда оқыңыз