Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семей қаласы маслихат депутаттығына кандидат Исабеков Саветтың сайлауалды бағдарламасы

26-10-2023, 10:55 018.kz

Құрметті жерлестер!

Мен «Respublica» партиясының атынан №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Абай облысы Семей қаласы маслихат депутаттығына кандидат ретінде өз үгіт- насихат қызметімді бастадым! Менің басты мақсатым – "Жаңа Қазақстан, Жаңа адамдар, Жаңа қадамдар" сайлауалды бағдарламасын іске асыру, оның негізі менің өмірлік  және кәсіби тәжірибем, сондай-ақ  округ тұрғындары айтқан мәселелер  мен ұсыныстарды қабылдап, қойылған міндеттерге қол жеткізу  және де  халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдайлар жасау. Менің негізгі  мақсатым №19 сайлау округінің аумағында тұратын азаматтарға,  олардың әлеуметтік және өмірлік  мәселелерін шешуге жәрдем көрсету болып табылады. Егер сіз маған сенім білдіріп, біздің қаланың мәслихатында өз өкіліңізді  ретінде сайласаңыз, онда мен өзіме нақты міндеттер қойып, оларды шешуге тырысамын.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары: 

Әлеуметтік салада жинақталған проблемаларды шешу: Денсаулық сақтау, білім беру және Тұргын- үй коммуналдық шаруашылық. Ұлт денсаулығы - болашақтың кепілі! Қолжетімді, сапалы және заманауи жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қамтамасыз ету!  Медициналық ұйымдарды уақтылы қаржыландыру және заманауи жабдықтармен жабдықтау.

Білімді ұлт - Мықты ұлт!

Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі-бәрінен бұрын! Ол үшін мектептер мен іргелес аумақтарды заманауи бейне-бақылаулармен және турникеттермен жабдықтау үшін қалалық бюджеттен қаржыландыру бөлінсін. Қалалық бюджет есебінен мектеп оқушыларын асханада  тегін  тамақтандыру !  Көшелерді, аулаларды абаттандыру және жарықтандыру, ондағы қауіпсіздік мәселелерін шешемін. Мен коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларды: қоқыстарды уақытымен  шығару, көп қабатты үйлерге дұрыс  жылу беру ,қыс уақытында көшедегі қарларды, музды  тазалау және жарықтандыру мәселерді шешуге, қалыптасқан құрылыстар мен азаматтардың мүдделерін ескере отырып, жаңа объектілер салу үшін алаңдарды сайлауды бақылауға белсенді қатысамын . Жоғарыда аталған барлық проблемалардың шешімін  іске асыра отырып, туған  қаламызды көркейтіп, одан әрі  дамыту жоспарын әзірлеуге  ат салысамын.  Маған дауыс беріңіздер!

* «Respublica» партиясының атынан №19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Абай облысы Семей қаласы маслихат депутаттығына кандидат Исабеков Саветтің сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив