СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР АЛИБИ АБДУРАИМОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
№11 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫҒЫНА ҮМІТКЕР АБДУРАИМОВ АЛИБИ БАТЫРЖАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Абдураимов Алиби Батыржанұлы 1996 жылы 1 қаңтарда Абай облысы, Семей қаласында дүниеге келдім. 2018 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетті «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмамдадым. Педагогика ғылымдарының магистрімін.
Еңбек жолымды Шәкәрім атындағы университетте тәрбие бөлімінің маманы қызметінен бастадым, кейіннен Шәкәрім университетінде Камтасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет атқардым.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Alikhan Bokeikhan University Жастарды ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жөніндегі департамент маманы ретінде еңбек етудемін.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаетың алғыс хатымен және Дана Шәкәрімнің медальімен марапатталғанымды мәртебе санаймын.
Семей қалалық мәслихатының VII шақырылым депутатымын.
«AMANAT» партиясының мүшесімін.
Құрметті Семейліктер!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 101-бабы 3-1-тармағына сәйкес шығып қалғандардың орнына байланысты бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Семей қаласы мәслихаты депутаттығына сайлау өтеді. Аталған саяси додада елдің аманатын арқалап, халқымның мәселесін қалалық деңгейде көтеріп, оны шешу үшін, кандидат ретінде тіркеуден өттім.
10 жылдан бері жастар саясаты, волонтерлік және қоғамдық қызмет салаларында жұмыс істеп жүріп, халықты толғандырған, қоғамдағы өзекті мәселелерді ішінен зерделедім. Қордаланған мәселелерді ашық айтып, шешілу жолдарын өздеріңізбен бірге қарастырғым келеді.
Сіздер маған сенім артып, қалалық мәслихаттың депутаттығына сайласаңыздар, мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ өзімнің және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға күш-жігерімді салатын боламын.
Біріншіден, қаланың мәселелерін шешіп қала халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту, азаматтар мен олардың отбасыларының өмір сүру дәрежесін арттыруға қолғабыс ететін. Сонымен қатар, тұрмыстық жемқорлықпен күреске, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыттарына ерекше мән беретін боламын.
Қаламыздың экономикасы ірі кәсіпорындарға тәуелділігі, қолайсыз экологиялық жағдай, сыбайлас жемқорлық фактілерінің өсуі, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық желілерінің әбден тозығы жетуі секілді қаланың өзекті мәселелерін ескере келе, мен өз сайлауалды бағдарламамда келесідей мақсаттарды көздеймін:
1. Ашық және жергілікті есеп беру органдары
· 2025 жылға қарай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электронды форматта ұсынуға қол жеткізу;
· Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптасыру;
· Білім беру мекемелеріндегі заңсыз қаражат жинау, дастархан жаю секілді тұрмыстық жемқорлықпен күресу;
· Барлық салада мемлекеттік бағдарламалардың жүзе асуына, сапалы орындалуына, бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуіне қоғамдық бақылауды күшейту;
· Мемлекеттік сатып алу базасы мен әкімдіктің ресми сайтында Семей қаласының барлық мемлекеттік мекемелер мен оларға бағынысты ұйымдардың бюджетін 100% жариялануын талап ету.
2. Экологиялық жағдайды жақсарту
· Өңдеу мен жою үлесін 9,9% -дан 15%-ға дейін ұлғайта отырып, қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртуға үлес қосамын;
· Семей қаласында орналасқан стихиялық полигондарының жоюылуын және өзіме тиіселі округтің аумағындағы қоқыстардың уақтылы тазартылуын қадағалайтын боламын.
3. Коммуналды орта
· Семей қаласындағы тас жолдар мен көшелерді жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен қаражаттың бөлінуін талап етемін (2-Лодочная, 3-Лодочная, Түрксіб, Перекатная, Дачная, Пристанская және тағы басқа округқа қарасты көшелер)
· Округке қарасты көшелерді толықтай жарықтандыру мәселесін қолға алатын боламын.
· Жастарға арналған «Абай Жастары» тұрғын үй бағдарламасын әрімен қарай жүзеге асыратын боламын;
· 2025 жылға дейін Дачная, Лодочная 2, 3 көшелеріне су желілерін орнату жұмыстарын жүргізуді қолға алатын боламын;
· «35 квартал» қазандығын жаңғыртуды қолға аламын;
4. Қоғамның әр салада әлеуметтік дамуында халықтың белсенді араласуына ат салысу. Мемлекет болашағына, аға буын өкілдері мен жастарға қамқоршы болу
· Қалалық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссия отырыстарында окру тұрғындарының мүдделерін қорғап, мәселелерін шешетін боламын;
· Балалар мен жасөспірімдерге арналған клубтар мен спорт нысандары қол жетімді болуына атсалысамын;
· Өзіме тиесілі округтағы барлық жастарға қолдау көрсететін боламын.
· 2021-2025 жылға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша жастарға 2,5% жеңілдікпен шағын несие беруді қолға алу;
· Әлеуметтік осал топтарға 400 АЕК көлемінде мемлекеттік гранттар беруді қолға алу;
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және үкіметтің міндеттері мен тапсырмаларын орындауға, жергілікті атқарушы билікпен, құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасауға дайынмын.
Семей қаласының және еліміздің болашағын алаңдататын тұрғындар мені қолдайтынына шын жүректен сенемін!
Абай еліне адал еңбек етіп нәтижелі жобаларды іске асыруға дайынмын!
* №11 бірмандатты сайлау округі бойынша AMANAT партиясынан Семей қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Алиби Абдураимовтың сайлау қорынан төленді.