Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Семей қаласы мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтуде

29-10-2023, 13:36 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласында Семей қаласының мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтуде. 

Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру орындарында бейнебақылау жүргізілуде, сондай-ақ дауыс беру барысын бақылайтын байқаушылар жұмыс істеуде. 

Таңертеңгі сағат 7.00-де қалада 11 сайлау учаскесі жұмыс істеуге кірісті. Олардың барлығы сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Бүгін қаламызда шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтуде. Елімізде жарияланған ұлттық аза тұту күніне байланысты сайлау бір минут үнсіздікпен басталды. Қазіргі таңда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан сайлаушылар белсенділік танытуда», - деді №93 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Имдат Эфендиев.

Сондай-ақ, қаладағы мүгедектігі бар адамдар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив