Respublica партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш Республика күнімен құттықтады
Respublica партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш өңір тұрғындарын 25 қазан — Республика күнімен құттықтады.
«Республика күні мәңгілік ел болу мұратымен үндес. Себебі бабаларымыз мәңгілік ел болу мұратын сонау сан ғасырдан бері армандап, бүгінгі күнде мұратымыз орындалып отыр. Республика күні - бұл тәуелсіздігімізді нығайтып, егемендігімізді арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ертеңгі жолға нық сеніммен қарайтын айрықша мереке деп білемін. Бүгінгі таңда бұл айрықша мереке жастарымыздың бойына үлкен болмыс ұялатады дегім келеді. Себебі елдің ертеңіне сенетін болашағынан үміт үзбейтін жастар. Ол міндетті түрде елдің ертеңгі көк туын, көк байрағын әлемдік аренада көтеретініне мен сенімдімін. Еліміздің ертеңі мықты болсын. Барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Еліміз әрқашанда көк аспанның астында егемен бола берсін», - деді ол.
Тағыда оқыңыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіЖАҢА АДАМДАР ТЕК «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНДАШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!