Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әкімшілік актілерді сотқа дейін қарау мен мерзімі талқыланды

31-10-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдары, облыстық салалық басқарма өкілдерінің қатысуымен «Жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерін (жер және тұрғын үй даулары) қараудың сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында сот өкілдері жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен көтерілген шағымдарды қарау тәжірибесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, әкімшілік рәсімдерді жүргізу кезіндегі сотқа дейінгі өндірістегі шағымдарға назар аударды.

Сонымен қатар, сот мамандары өтініш түрлері, оларды қарау мерзімдеріне және сотқа дейінгі әкімшілік актілерге шағымдану тәртібіне қатысты сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Бұдан бөлек, олар жер және тұрғын үй дауларындағы істерді қарау тәжірибесімен бөлісіп, құқық қорғау және ақшалай айыппұл түріндегі процессуалдық шараларды қолдану мәселесін талқылады.

Жиын соңында қатысушыларға әкімшілік іс жүргізу кодексі нормаларын мүлтіксіз, соттың талаптары мен өтініштерін жедел орындау, әкімшілік сот төрелігін қалыптастыру ұсынылды.

Қатысушылардың ұсыныстары ескеріліп, осындай дөңгелек үстелді жүйелі түрде өткізу туралы шешім қабылданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив