Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында әлеуметтік сала қызметкерлері құрметке бөленді

2-11-2023, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қалалық мәдениет сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Ең жауапты мамандық өкілдеріне медальдар мен грамоталар табысталып, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтылды.

Іс-шараға облыстағы әлеуметтік қорғау саласының 300-ден астам қызметкері, облыстық департаменттер мен басқармалардың өкілдері қатысты.

Өңірдің әлеуметтік жүйесінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда 2700-ден астам адам жұмыс істейді. Әлеуметтік қорғау жүйе қызметкерлері зейнеткерлер, көп балалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, ардагерлер, мүгедектігі бар азаматтар және балаларды қамтитын әлеуметтік қорғалмаған 180 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

«Әлеуметтік қорғау жүйесі - үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілік пен адами қасиеттерді талап ететін көп қырлы сала. Күн сайын сіздер адамзат мейірімін күтетін жандардың қайғысы мен қиындығын бөлісіп, өз міндеттеріңізді жауапкершілікпен орындап келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіздің лайықты деңгейде қолдауға мемлекет тарапынан жүйелі жұмыс жалғасуда», - деді облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев өзінің құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау саласындағы көп жылғы еңбегі үшін мамандарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық наградаларын  және  облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыстары көрсетілетін қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив