Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
- Семей қаласының әкімшілігі, «Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі тұлғасында 2023 жылдың 6 қараша күні сағат 10.00 де жолаушылар мен багажды автомобильмен қалаішілік тұрақты тасымалдау № 31 маршрутына және қала маңы «Семей-Талица», «Семей-Шақаман», «Семей-Приречное» маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізетіні туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:
- маршрут № 31 («Химикалық комбинат – 3 саяжай»), 10 бірлік, кіші класс;
- «Семей - Талица» маршруты – 1 бірлік, кіші класс;
- «Семей – Шақаман» маршруты – 1 бірлік, кіші класс;
- «Семей - Приречное» маршруты – 1 бірлік аса кіші, кіші класс.
- Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздердерде автокөлік құралдары бар кез - келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сінен конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Семей қаласы Уранхаева 53 мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 26 қазан.
- 2023 жылдың 10 қазаны сағат 10. 00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
- Анықтама алу үшін телефон: 35-45-15
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚазақстан жыл соңына дейін жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашады – М. ҚарабаевҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі2023 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ пойыздарында багаж тасымалдау 27% артты