Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Рухани келісім күнімен құттықтады

18-10-2023, 11:54 018.kz

Құрметті семейліктер!

Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн - еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі.

Жеріміздегі бейбітшілік пен келісім – бұл қазақстандықтардың баға жетпес құндылығы. Ол Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін, діни конфессиялардың мүшелерін біріктіреді.

«Рухани келісім күні» бірлік пен мейірімділік, жақсылық пен өркендеу күніне айналсын. Осы жарқын мерекеде сіздерге бейбітшілік пен тыныштық, жақсылық, өзара түсіністік және рухани келісім тілеймін.

 Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив