Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қаланың жұмыс берушілеріне арналған семинар - кеңес өтті

18-10-2023, 16:09 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың 18 қазанында Қалалық мәдениет үйінде қаланың жұмыс берушілеріне арналған семинар - кеңес өтті. Іс - шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, еңбек ұтқырлығы орталығы мен Мансап орталығының өкілдері және 400 – ден астам жұмыс берушілер қатысты.

Шара барысында Абай облысының бақылау басқармасының бөлім бастығы жұмыс берушілерге еңбек келісім - шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕҚБЖ) еңбек келісім - шарттарын енгізу қажеттігі туралы хабарлады.

Қатысушылар «Электрондық еңбек биржасы» порталының барлық мүмкіндіктерімен танысты. Қеңес барысында Мансап орталығының қызметтері көрсетілді, кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары түсіндірілді (жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, қысқа мерзімді оқыту, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобалары, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру үшін жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау, жаңа бизнес - идеяларды іске асыру үшін гранттар беру, жастарға шағын несие беру).

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры қатысушыларға міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі ұғымдары, «МӘСҚ» АҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеу, «МӘСҚ» АҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің бес түрі бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру, жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу механизмдерін жүзеге асыру туралы ақпарат берді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы түсініктеме берді.

Сөз соңында жұмыс берушілер тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив