Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Абайлықтар бүгін алғаш рет аудан әкімін сайлайды

5-11-2023, 07:05 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін пилоттық жоба негізінде Абай ауданының тұрғындары ауданның келешегі үшін таңдауларын жасайды.

Таңғы 07:00-ден бастап аудан бойынша 13 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Оның біреуі жабық учаске. Барлық учаскелер қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, мемлекеттік мекемелердің 1 қабатында орналасқан. Барлық сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалған.

«Бүгін ауданымыз үшін айтулы ерекше күн десек болады. Себебі алғаш рет аудан тұрғындары өздерінің келешегі үшін әкімді таңдау құқығына ие болып отыр. Біздің учаске де өз жұмысын белгіленген уақытта бастады. Аудан тұрғындарынан белсенділік күтеміз», - дейді 164 сайлау учаскесінің төрағасы Біржан Мәнзал.

Айта кетейік, Абай ауданында жиыны 8597 сайлаушы тіркелген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив